Алишер Еликбаев

Сәлем, достар!

Мен медиа және PR саласында жұмыс істегеніме 20 жылдан асты, осы уақыт ішінде жұмыс істеу тәжірибемнің көптігі сондай, барлық атқарған қызметімді айта отырып, тыңдаушымның ұйқысын келтіретініме кәміл сенемін. Дегенмен маған дәл сол тәжірибе мен білімді берген кейбір жобалармен сіздермен бөліскім келеді.

Кезінде мен журналист қызметінде жұмыс істегенмін: оқушы бола тұра, «Караван» және «Вечерняя Алма-Ата» баспалары үшін мақалаларды тегін жаздым. Кейін телевидение мен радиоға орналастым, содан соң PR саласын шыңдауға кірістім. «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметін басқарған кезім де болған, сол себепті шенеуніктермен қалай жұмыс істеу керек екені маған мәлім.

2006 жылы «MEGA-ға» жұмысқа орналастым, қазіргі уақытта да осында қызмет етемін. 2010 жылы алғашқы қазақстандық фоторепортаждар сайтын – Vox Populi жобасын ойлап тауып, өзім басқардым. Сіздермен танысуымыздың себебі осы жоба шығар :) Бір мезгілде әрі қарай шыңдалу уақыты келді. Өзім саяхаттауды ұнататындықтан, Chocotravel қызмет көрсету жүйесінде кеңесші лауазымында қызмет еттім. Кездейсоқ адамдарды басқа қалаларға жібергеніміз естеріңізде ме? Айта кетсек, сол кезде осы қызмет көрсету жүйесінің сату үдерісі алғашқы сату рекордына қол жеткізген кезі болатын.

Сол уақытта мен Қазақстандағы LG және Samsonite өнімдерінің бренд-амбассадоры болдым; «Қазақстандықтар Америкада», содан соң esquire.kz сайтында жарық көрген «Америкалықтар Қазақстанда» жобаларын ойлап таптым, жыл сайын «Прозрение с Oftum» байқауын ұйымдастырамын. Маған бәрі ұнайтын, тек бір нәрсеге қолым жетпей тұрған сезімде болдым.

2016 жылдың ортасында өзімді дербес менеджер ретінде өз күшімді сынағым келіп, Angel-in-Us кофеханалар желісін басқардым, себебі мен дамытумен ғана емес, операциялық әрекетпен айналыстым. Бұл екі жыл оңайлықпен өтті деп айта алмаймын: мен өзімді дағдарысқа қарсы басқарушы ретінде сынап көрдім.

Қазіргі уақытта, өздеріңіз де білетін шығарсыздар, мен мұздатылған йогурттан өзіндік қайталанбас десерт жасауға болатын Tutti Frutti кафелер желісі иеленушілерінің бірімін. Өзімнің серіктесім – Тимур Калтаевпен бірге Қазақстандағы калифорниялық франшизаны дамытумен белсенді түрде айналысамын.

Сонымен өздеріңіз түсінгеніңіздей, менде сіздерге қажетті білім мен тәжірибе бар, одан басқа мен жұмысты өзім ұнататын саяхаттау және тамақтанумен байланыстыруды жақсы көремін.

Толық курс
70000 ₸

Толық курс 4 блоктан тұрады, мұндағы әрбір блок – бөлек бағыт.

Бір блок
25000 ₸

Егер де сізді толық курс қызықтырмаса, алайда ұсынылған 4 бағыттың бірі бойынша дағдыңызды дамытқыңыз келсе, бұл лекцияларды жеке-жеке алу мүмкіндік те қарастырылған. Қысқаша айтсақ, жан-жақты даму да ерекше ілтипатқа ие. Нағыз кәсіби мамандар табыс есігін дәл осылай ашады.

Тегін сабақ

Тегін дәрісте біз сіздерді үйретуге негіз болған басты принциптер туралы сөз қозғаймыз.