Дұрыс құрылған коммуникациялар - кез келген бизнестің маңызды құралы. Біз сізге осы құралды барынша тиімді қолдануды үйретеміз.

 

Дұрыс құрылған коммуникациялар - кез келген бизнестің маңызды құралы. Біз сізге осы құралды барынша тиімді қолдануды үйретеміз. Үздік коммуникациялар - бұл имидж бен бедел, олар ұзақ жылдар бойы жасалып, санаулы сағаттарда бұзылады. Беделді нығайту, әлеуметтік медиаларда үнемі жасалынуы тиіс жұмыстар.

 

PR – Public relations - бұл дұрыс коммуникациялардың ұлы өнері. Медиамен, қоғаммен және тіпті достарыңыз бен таныстармен. Қазір кері байланыстың лездік сипатқа ие болып, ал кез келген ақпараттың тез арада таралуы жағдайында үздік коммуникациялық тәжірибелерді қолдану - бір адым ілгері жүру деген сөз.

 

Менің қатысым болған кез келген бизнес саласында дәл осы коммуникациялар негізгі бәсекелік артықшылықтарды жасайтын. Коммуникациялық дағдыларды жасау, кеңейту және нығайту - бұл көптеген адамдардың қолдауына ие болу деген сөз, олар әрқашан сізге көмекке келіп, күтпеген жағдайларда тіпті сіздің одақтасыңызға айналады.

 

Коммуникациялар сіздің беделіңізге де жауапты. Мендегі ең бағалы нәрсе - бұл 20 жылдық коммуникациялық тәжірибемнің арқасында қалыптасқан беделім. Дәл осы беделім маған жаңа клиенттер әкеледі, бірегей жобаларды жасауға және тыңдаушыларыммен шынайы болуыма мүмкіндік береді.

 

Бедел - өте осал зат, сондықтан оны күнделікті нығайту қажет. Осы курста біз құндылықтарымызды анықтап, оларды жетілдіруді, беделдік дағдарыстардың алдын алуды және олар орын алған болса, одан шығуды үйренеміз.

 

Позитивтерге қарағанда келеңсіздермен жұмыс істеу қиынырақ, сондықтан келеңсіздіктерді өз өмірімізден алып тастап, желідегі ең бағалы құралымыз - өз беделімізге сүйенейік.



Курстың жоспары

Көпшілік коммуникациялар сізге не үшін қажет?
Коммуникациялар арналары мен аудитория таңдау
Жоспарланған және жағдаяттық PR
Күшті мәтін ережесе
Жақсы бейнежазба ережесі
Журналистермен қалай жұмыс істеу керек?
Бедел. Оны қалай қалыптастырамыз?
Бейілді қоғамдастық қалыптастыру
Беделдік тәуекелдер және PR дағдарысы
Беделдік тәуекелдер
Коммуникативтік этика
Жеке бренд
Толық курсты сатып алу
70000 ₸
70000.00 ₸

Толық курс 4 блоктан тұрады, мұндағы әрбір блок – бөлек бағыт.

Басқа курстар