Негізгі курс туралы
4 бағыт

Мен сіздермен 48 сабақ ішінде келесі бағыттар бойынша жылдар бойы жинаған тәжірибеммен бөлісемін:


  • PR және іскерлік бедел
  • Жақсы өсім ережелері
  • SMM және digital-маркетинг
  • Көпшілік алдында сөйлеу
Көпшілік алдында сөйлеу

Кері байланыс пен үдерісті терең түсінуді сезіну маңызды. Сондықтан да сіздерді келесі шаралар күтеді:


  • Қызықты тест тапсырмалары
  • Менің қатысуымен тікелей эфирлер
  • Әлеуметтік медиа құралдары арқылы жанды тілдесулер
Авторлық контент

Мен сіздермен өз білгеніммен бөлісу үшін білім дағдыларымды 20 жыл бойы жинақтап ұштадым:


  • Тек өзекті кейстер
  • Нақты жұмыс мысалдары
  • Қазақстан нарығындағы нақты тәжірибе
Бағыттар
Бұл курс кімдерге арналған?
Кез келген қызмет саласында өзіңіздің кәсібилігіңізді жақсартуға мүмкіндік беретін дұрыс коммуникацияларды құрудағы сіздің шеберлігіңізді дамыту - курстың негізі болып табылады.
“Әлеуметтік желілер дәуірінде” тиімді жазу дағдысы, сонымен қатар фото-бейне контентті жасаудың арқасында аудиторияға өз ойыңызды дұрыс жеткізу дағдысы да аса жоғары сұранысқа ие. Бұны қалай жақсырақ жасау керектігі жөнінде біз курстарымызда әңгімелейміз.
Біздің курс дамығысы келетін, өзінің мүмкіндіктер шеңберін кеңейткісі келетін, тоқтағысы келмейтін және өзінің табысты ойлау жүйесін қалыптастырғысы келетін адамдарға арналады.
Бұл белгілі бір саланың мамандарына арналған курстар емес, кез келген адамның коммуникациялық дағдыларды, SMM құралдарын, беделін нығайтуды жеке өсімі үшін күнделікті өмірде қолдана алатындығы туралы болады.

Сөйлетін адамдарға

Кез келген қызмет саласында өзіңіздің кәсібилігіңізді жақсартуға мүмкіндік беретін дұрыс коммуникацияларды құрудағы сіздің шеберлігіңізді дамыту - курстың негізі болып табылады.

Жазатын және түсіретін адамдарға

“Әлеуметтік желілер дәуірінде” тиімді жазу дағдысы, сонымен қатар фото-бейне контентті жасаудың арқасында аудиторияға өз ойыңызды дұрыс жеткізу дағдысы да аса жоғары сұранысқа ие. Бұны қалай жақсырақ жасау керектігі жөнінде біз курстарымызда әңгімелейміз.

Өзін-өзі дамытатын адамдарға

Біздің курс дамығысы келетін, өзінің мүмкіндіктер шеңберін кеңейткісі келетін, тоқтағысы келмейтін және өзінің табысты ойлау жүйесін қалыптастырғысы келетін адамдарға арналады.

Бәріне

Бұл белгілі бір саланың мамандарына арналған курстар емес, кез келген адамның коммуникациялық дағдыларды, SMM құралдарын, беделін нығайтуды жеке өсімі үшін күнделікті өмірде қолдана алатындығы туралы болады.

Оқыту қалай жүргізіледі?

Оқыту

Өзіңізге ыңғайлы болатын кез келген уақытта, қалаған жерде жүргізіледі! Сізге қажет болатыны - бұл тұрақты интернет.

Тестілеу

Әрбір сабақтан кейін сіз тыңдалған материалыңызды бетітуге көмектесетін тестілеуден өтесіз.

Кері байланыс

Сіз бізге танымал мессенджерлер арқылы немесе дәстүрлі қоңырау шалу арқылы хабарласа аласыз. Сіз бізбен әрдайым байланысты болу үшін тіпті Telegram-ботты та жасадық.

Практикалық дағдылар

Біз тек заманауи әлемнің бізден талап ететін нәрселері туралы ғана әңгімелейміз. Біз нақты кейстерді талдаймыз, ал ең үздік қазақстандық кәсіпқойлар біздің сарапшыларымыз болып табылады.

Сіз курста не үйренесіз?

Біз сізге ыңғайлы форматта сұранысқа ие болған үздік дағдыларды өз ісіңізді дамыту үшін, командадағы өз позицияңызды нығайту үшін немесе жаңа бірдеңе бастауыңыз үшін береміз. Бұл коммуникациялардың, PR, SMM, өзіңізбен жұмыс істеудің арқасында сатуларыңызды ұлғайту, бейілділікті жақсарту, жаңа керемет мүмкіндіктер табу туралы курстар, сонымен бірге мынандай көптеген практикалық дүниелерді жасап үйренесіз:

  • Коммуникациялық дағдылар
  • Жақсы жазу дағдысы
  • Фото- және бейне-контент жасау амалдары
  • Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары
  • Тиімді SMM
  • Ойлауды дамыту.

«Алишерді 13 жыл білемін, осы уақыт аралығында өзіне кәсіби маман, сенімді адам екеніне көзім жетті. Ол үшін жауапкершілік, репутация, адалдық – жай ғана сөздер емес сеніммен айта аламын»

Нұрлан Смағұлов

Astana Group Президенті

«Алишердің жақсы қасиеті – оның кәсібилігі, ең бастысы жұмыс істеудің өзгеше тәсілі бар. Ол әрқашан мәселені шешудің ерекше жолын табады.»

Кеңес Ракишев

SAT & Company директорлар кеңесінің төрағасы

«Мен Алишерді өзімнің және Chocofamily-дің досы деп мақтанышпен айта аламын. Оның кәсіби позициясы және қолдауы мен үшін әрқашан маңызды болды, бірігіп сәтті жұмыс атқарғанымызға қуаныштымын»

Рамиль Мухоряпов

Chocofamily холдингінің негізін қалаушылардың бірі
Курстың пікірлері
Толық курс

Толық курс 4 блоктан тұрады, мұндағы әрбір блок – бөлек бағыт.

Бір блок
25000 ₸

Егер де сізді толық курс қызықтырмаса, алайда ұсынылған 4 бағыттың бірі бойынша дағдыңызды дамытқыңыз келсе, бұл лекцияларды жеке-жеке алу мүмкіндік те қарастырылған. Қысқаша айтсақ, жан-жақты даму да ерекше ілтипатқа ие. Нағыз кәсіби мамандар табыс есігін дәл осылай ашады.

Тегін сабақ

Тегін дәрісте біз сіздерді үйретуге негіз болған басты принциптер туралы сөз қозғаймыз.

Алишер Еликбаев

Мен медиа және PR саласында жұмыс істегеніме 20 жылдан асты, осы уақыт ішінде жұмыс істеу тәжірибемнің көптігі сондай, барлық атқарған қызметімді айта отырып, тыңдаушымның ұйқысын келтіретініме кәміл сенемін. Дегенмен маған дәл сол тәжірибе мен білімді берген кейбір жобалармен сіздермен бөліскім келеді.

Кезінде мен журналист қызметінде жұмыс істегенмін: оқушы бола тұра, «Караван» және «Вечерняя Алма-Ата» баспалары үшін мақалаларды тегін жаздым. Кейін телевидение мен радиоға орналастым, содан соң PR саласын шыңдауға кірістім. «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметін басқарған кезім де болған, сол себепті шенеуніктермен қалай жұмыс істеу керек екені маған мәлім...



Шақырылған сарапшылар

«Yelikbayev.online» курсы - бұл Әлішердің құзыреті ғана емес, сонымен қатар, Қазақстандағы өз саласының үздігі болып табылатын шақырылған мамандардың бай тәжірибесі. Олар кімдер, жақынырақ таныстырайық.

Рамиль Мухоряпов

құрамына Chocolife.me, Chocotravel, Aviata.kz, Chocofood, IDoctor.kz, Lensmark компаниялары кіретін ChocoFamily холдингінің жетекшісі және негізін қалаушылардың бірі. Компанияның жалпы айналымы жылына 150 миллион доллардан астам.

Алексей Ли

Arbuz.kz онлайн-супермаркетінің жетекшісі. Ticketon.kz және Aviata.kz компанияларының негізін қалаушылардың бірі. 2018 жылы қазақстандық IT-нарығындағы ең ірі мәміле жасасуға қатысты, нәтижесінде Chocotravel және Aviata.kz сервистері біріктірілді.

Нұркен Халықберген

PR-маман, Khalykbergen strategic communication коммуникациялық агенттігінің негізін қалаушы және жетекшісі. PR саласында көпжылдық тәжірибесі бар, анти-дағдарыстық коммуникациялар бойынша еліміздегі үздік маман ретінде танымал болған, KFC, Kaspi.kz, Beeline және басқа да көптеген компаниялармен қарым-қатыныс тәжірибесі бар.

Қанат Бейсекеев

қазақстандық кино-документалист. Еңбек жолын журналистика саласында бастаған, NY Film Academy оқыды. Елімізден тысқары жерлерде тұратын қазақстандықтар туралы танымал деректі фильмдердің авторы болып табылады. 2018 жылы оның «Соседи. История венского квартала» фильмі Red Jolbors жарнамалар фестивалінде гран-при иеленген.

Әсел Қараулова

танымал PR-маман, коммуникациялар бойынша оқытушы. Қазақстан баспасөз клубының және PG Communications агенттігінің президенті. Қазақстандағы PR саласының негізін қалаушылардың бірі, PR саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. 500-ден астам сәтті PR-жобаны жүзеге асырған.

Михаил Дорофеев

танымал журналист, PR саласының маманы, қазіргі таңда Informburo.kz ақпараттық-аналитикалық порталына жетекшілік етеді. ТВ саласында орасан зор тәжірибесі бар, атап айтқанда, Жетінші арнаның продюсері болған, КТК, 31 Арна, Астана телеарналарында және көптеген газеттерде еңбек еткен.

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл курстар өз бизнесін немесе жеке өз басын жылжытылуына талаптанған кез келген адамдарға ұсынылады. Жариялылық және жаһандану заманында кез келген адам өзі күнделікті көретін адамдармен де, бейтаныс кісілермен де дұрыс коммунацияларды орнатуы қажет.

Біз өз курсымызды PR және SMM деген түсініктерден еш хабары жоқ адамның өз беделін қалыптастыру мен жылжыту кезінде, көпшілік алдында және маңызды бетпе-бет кездесулер кезінде неге ерекше көңіл аудару керектігін тез түсінетіндей жасадық.

Онлайн-оқыту сіздің күнделікті өміріңіздің маңызды бөлігі еместігін түсінеміз, сондықтан біз кез келген адамның өзіне ыңғайлы уақытта, жайлы жағдайда курстарды тыңдай алатындай етіп жасауға тырыстық. Материалды тыңдауға аптасына орташа есеппен 2-3 сағат бөлсеңіз, онда 1 топтаманы 2-3 айда өтуге болады, өз қабілеттеріңізге қарай оны бірнеше күнде де оқып шығуға болады.

Өз сабақтарымда айтатындарымның барлығы дерлік PR саласындағы ұзақ жылдық тәжірибемнің нәтижесі. Мен міндетті түрде мысалдар мен кейстер келтіремін, сонымен қатар өздерінің жеке практикалық тәжірибелерін сізбен бөлісуі үшін әртүрлі сала сарапшыларын шақырып отырамын.

Сіз толық курсты бірден немесе жаңа материал шыққан кезде бөлек топтамаларымен сатып алсаңыз да болады. Алайда, Toyota Camry ұтысына толық курсты 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін сатып алғандар ғана қатыса алады.

Менің ойымша, біз курс қатысушыларына төлем жасаудың ең ыңғайлы, қауіпсіз әрі ашық тәсілі - онлайн-төлемді таңдадық. Сіз төлемді кез келген картасымен біздің сайттан Epay төлем жүйесі арқылы ешқандай қосымша комиссиясыз жасай аласыз.

Курсты өту үшін сізге компьютер, планшет немесе смартфон сияқты мультимедиалық құрылғы, қасыңыздағыларға кедергі жасамау үшін құлаққап және тұрақты интернет қажет болады. Курсты өту кезінде ешқандай қосымша шығындар болмайды.

Өзіңізге ыңғайлы жолмен бірден бізге хабарласыңыз. Электрондық пошта, сайтта көрсетілген телефон номері немесе кері байланыс формасы (“Көмек” айдарында) арқылы хабарлассаңыз болады. Біз сіздің мәселеңізді тез арада шешеміз.

Сұрақтарыңыз бар ма? Бізге жазыңыз

Введите Ваш E-mail для проверки участия

Это поле нужно заполнить