Әркім сөйлей алады, бірақ бәрі дерлік өз ойын тыңдаушыға жеткізе алмайды. Сіздің аудиторияңыз сізді тағы да тыңдауды армандайтындай сөйлеп үйреніңіз.

 

Көпшілік алдында сөйлеу - мен көпшілік алдына шыққан сайын қобалжимын. Менің алдымда студенттер ме әлде министрлер ме, ол маңызды емес. Мұндай қобалжудан көбісі сөйлеу қабілетін жоғалтады, ал мен болсам өз сабағым кез келген жағдайда қызықты болуының жолдарын үйреніп алдым. Мысалы, мен студенттерге: “Бәріңіз нәжіссіңдер!” деп айтсам да, аудиториямның үнемі менің жағымда болатындай қолдан келгенімді жасаймын. Шынында, өз сөйлеуіңді жақсартудың мыңдаған құралдары бар. Мен болсам сіздерге өз сөзіңізді фактілермен дәлелдеп, бөлінген уақытта үлгеретіндей анық, сенімді және қызықты сөйлеудің негізгі механизмдерін үйретуге тырысамын.

 

Көпшілік алдында күйзелмей сөйлеуді, аудиторияны басқаруды, қойылған сұрақтарға сауатты жауап беруді үйренесіз, сіздің сөзіңізден кейін аудитория өзіңізге қажетті шешімді қабылдауы үшін барлығын жасайсыз.
 

Бәріміздің ішімізде шебер оратор бар, оны 100 пайыз пайдалануды үйренесіз.



Курстың жоспары

Көпшілік алдында сөйлеу күші
Сторителлинг
Сөз сөйлеуге дайындық
Сөз сөйлеу құрылымы
Тайминг
Cөйлеудегі табыстылықтың негізгі фаторлары
Аудиториямен байланыс
Жалпы қателіктер
Сұрақтарға жауаптар
Көрнекі ақпаратты дайындау
Дауыс және дикция
Психикалық дайындық
Толық курсты сатып алу
70000 ₸
70000.00 ₸

Толық курс 4 блоктан тұрады, мұндағы әрбір блок – бөлек бағыт.

Басқа курстар